Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде соңғы 20 жылдан астам тұрақты түрде өткізілік келе жатқан⠀мектеп оқушылары арасындағы тарих және өлкетану білгірлерінің «Жас шежіреші» сайысы болып өтті. Сайысқа қазақ және орыс мектептері лигаларының 11 тобы – 8 қазақ, 3 орыс тілді мектептердің білімдар топтары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша қазақ⠀лигасында І орынға Әль-Фараби атындағы №16 орта мектебі, екі ІІ орындарға №24орта мектебі мен М.Русаков атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп-интернаты, үш ІІІ орынға Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің, №7 мектеп-гимназиясының және №25 орта мектебінің ізденіс топтары, ал орыс лигасында І орынға №10 орта мектебі, ІІ орынға Ә. Ермеков атындағы №17 мектеп-гимназиясы, ІІІ орынға №1 орта мектебінің ізденіс топтары ие болып,Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарының сертификаттарымен марапатталды. ⠀⠀