Балқаш қаласы мен Тоқырауын-Балқаш өңірі тарихының білгір-зерттеушісі⠀өлкетанушы-тарихшы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің ашылуына басшылық жасаған алғашқы директорларлардың бірі Күләш Ыбыжанқызы Сардарбекованың туғанына 85 жыл толуына арналған «Өлке тарихын таңбалаған тұлға» қызықты кездесулер клубының кезекті отырысы болып өтті. Кездесуге мерейтой иесінің қызмет бабында араласқан және соңынан ерген ізбасар өлкетанушылары, атап айтсақ ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Балқаш қаласының құрметті азаматы, қолөнер шебері, гобеленші Ө. Әбеуов, кәсіпкер Ғ. Жақыпов, Қарағанды облысына⠀есімі танымал жас ақын, облыс әкімінің⠀«Алтын сұңқар» сыйлығының иегері журналист⠀Н. Кәрім мен⠀Ә. Бөкейханов атындағы №15 лицейінің 10 сынып оқушылары мен БАҚ өкілдері қатысты.⠀ ⠀⠀