«Орталық Қазақстанның көрнекті зерттеушілері» циклы бойынша геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1928 жылы Қоңырат мыс кен орнын ашып, Солтүстік Балқаш өңірінің өндірістік өлкеге айналу тарихының басында тұрған М.П. Русаковтың туғанына 130 жыл толуына арналған лекция сонымен бірге ғылым күніне де арналып отыр. Лекцияға қатысқан⠀ Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің 10 «Ә» сынып оқушылары М. П Русаковтың⠀Балқаш өңіріндегі геологиялық зерттеу жұмыстары жайлы ғана емес, осы үлкен ғалымның Қазақстан ғылымының үлкен ұйымдастырушысы Қ.Сәтпаевпен бірге Қазақ КСР ҒА ұйымастыруға, қазастандық геология ғылымының қалыптасуындағы өлшеусіз еңбегі жайлы да мәліметтермен танысты. ⠀⠀