105 жыл бұрын (1917 жылы 1 наурызда) Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан Соғысының ардагері, қаланың алғашқы құрылысшысы, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы Нәби Әбуғалиев дүниеге келді. Ол 1931 жылы қала мен комбинат құрылысына келіп, қазушы, бригадир болды, еңбекті ұйымдастыру және жалақы бөлімін басқарды, "Прибалхашстрой" тресінің қалыптасуына белсенді қатысып, зор үлес қосты. Нәби Әбуғалиев өзінің еңбек жолын қоғамдық жұмыстармен ұштастыра білді. Отыз жыл бойы (1956 -1986 жж.)⠀трест⠀басқармасының партұйымы бюросының хатшысы болып сайланды, біраз уақыт трес парткомының мүшесі болды. 1941 жылы Нәби Әбуғалиев Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Нәби Әбуғалиев көп жылғы, жемісті еңбегі үшін «Үздік еңбегі үшін», «В. И. Лениннің туғанына 100 толуына орай ерен еңбегі үшін»⠀және төрт мерейтойлық соғыс медальдарымен, сонымен бірге «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. ⠀⁣⁣⠀