Балқаш қаласының 85-жылдығына арналған «Балқаш тарих толқынында» кешенді көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Мазмұндық тұрғыда – Кеңес заманы мен Қазіргі замандағы қала тарихының айтулы беттерін ашып көрсету мақсатында құрылымдалған көрменің ашылу салтанатына қатысқан қала ардагерлері мен қала жастары Балқаштықтарға өздерінің⠀мерекелік тілектерін жеткізсе, музей қызметкерлері қала тарихының басталуы жайлы шағын қойылымын көрсетті..