Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған «Қала тарихының білгірлері» интеллектуалды викторинасына ересектер мен студент және мектеп оқушыларынан құралған⠀екі топ⠀қатысты.⠀ Облыстық «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының⠀оқушысы мен Балқаш көпсалалы⠀колледжі студентінен құралған⠀«Сұңқар»⠀тобын қаладағы белгілі журналист, өлкетанушы Қ.Ордабаев, ал осы⠀«Зияткер» мектеп-интернатының⠀оқушысы мен Балқаш сервис колледжінің⠀студентінен құралған⠀«Арлан» тобын Тоқырауын-Балқаш өңіріне белгілі ақын, журналист, өлкетанушы Н. Кәрім⠀бастап шықты. Шараның қонақтары ретінде қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Т. Жұманов пен қала тарихы туралы бірнеше кітаптың авторы, өлкетанушы,⠀қаланың Құрметті азаматы С.Кәукербеков бастаған бір топ ардагерлер қатысты. Үш кезеңнен тұрып,⠀тартысты өткен сайыста екі топ тең түсіп, мақтау қағаздары және⠀сыйлықтармен марапатталды.