«Табысты экспедиция» арнайы жобасы музей қорын толықтыру мақсатында жүргізілетін жинақтау жұмысының процесін көрсету. Музейдің жинақтау қызметі - бұл тұрақты қозғалыс: жергілікті тұрғындардан экспонаттар жинау, ауылдарға бару, ескі қоймаларды тінту және т.б. жұмыстар. Ескі тұрмыстық заттар немесе қоқыс деп санайтын қарапайым бұйымдар тарихи құндылыққа ие болуы мүмкін. Экспедиция барысында музей қызметкерлері керекті материалдарды іздеп, тұрғындармен әңгімелесіп, заттарды іріктеп қана емес, сонымен бірге оларды дұрыс орап, қаптап, тасымалдау жұмыстарында бірге орындайтынын да ұмытпау керек.