Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған⠀«Бір кітап көрмесін» назарларыңызға⠀ұсынамыз. Бұл көрме 2010 жылы жарық көрген Совет Каукербековтің «Гордость балхашцев» кітабына арналады.⠀Мақсаты - 1930-ші⠀жылдардан басталатын Балқаш қаласының тарихы жазылған, өзіндік бір энциклопедия болып саналатын Совет Каукербекұлының⠀«Гордость балхашцев» кітабын көпшілікке тереңірек таныстыру. Нақты деректерден құрылған бұл еңбегінде автор жалған баяндаушылыққа ұрынбай,⠀өткен оқиғаларды оқырманға жақын, тартымды⠀тілмен жеткізеді. Сондықтан оқыған кезде еш жалықтырмайды. Оның үстіне кітап кейіпкерлерінің барлығы өз жақындарымыз, көпшілігі әлі де ортамызда: олардың бірі бүгінде еңбек демалысындағы құрметті еңбек ардагерлері қатарында болса, көпшілігі әлі де өз салаларында табысты еңбектерін жалғастыруда