Балқаш қаласының 85-жылдығына арналған «Қариялар естелігіндегі қала тарихы» жобасының сәуір айындағы шығарылымының қонағы, білім беру ісінің⠀ардагері, КСРО ағарту ісінің үздігі Нағима Солтаханқызы Дәкімова⠀өз естеліктерімен бөліседі. Балқашта құрылыс жұмыстары басталған 1931 жылы Бертыс шығанағының шығыс жағалауындағы алаңға жамырай орналасқан киіз үйлермен қатар қамыстан салынған алғашқы үйлер құрылыс басқармасы мен аурухана ғимараттары салынды. Осы жылдың жаз айларында бірнеше саманнан салынған барактар да салынды. Сөйтіп, бірте-бірте осы тұстағы бүкіл көл жағалауы⠀жартылай жертөлелерге толып, бұл қоныс «Копай-город» деп аталды. Жертөлелердің тереңдігі 0,5 метрден 1,5 метрге дейін жетті.