Мейрам күні туған-туыс, дос-жаран дастархан басына жиналады. Қазақстар тағам арқылы достықты, отбасы бірлігін, ырыс-ынтымағын дәріптеп, дастархан жайған. Қазақтың ұлттық тағамы дегенде ет, бауырсақ, құрт-май, тары-талқан мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде әзірленетін наурыз көжені айтамыз. Бұл дәстүр ұрпақтан - ұрпаққа жалғасуда. Ендеше,⠀Наурыз Мейрамында аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық. Ұмыт болып бара жатқан кейбір тағам түрлері дәл осы күні жаңғыруы қажет.