Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнер ішіндегі ең ежелгісі. Ол эстетикалық мәні терең өнер. Бүгінге дейін халық арасында 300-дей ою-өрнектер сақталған. Бәрінің аты-заты бар. Бүгінгі көрмемізде қазақ халқының оюларымен танысып, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейндегі жәдігерлерде бейнеленген ою-өрнектерге назар саламыз. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленген. Қазақтың алғашқы ою үлгілері андронов мәдениеті мен музейдің байырғы сақ дәуірін дәйектейтін мұраларында кездедеседі. Сонымен қатар, ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген.