Музейде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Зерлеу өнері: дәстүр және жаңғыру» көрме-лекциясы ашылды. Қазақ даласында зергерлік өнер көне замандардан бастап қолөнердің басты салаларының бірі болып қалыптасты. Нақ осы зергерелік туындыларда қазақ халқының өмірі мен сұлулықты бағалаудағы идеалы, материалдық және мәдени құндылықтар бағалаудағы эстетикалық талғамы көрініс табады. Көрмеге қойылған әшекей бұйымдардың барлығы тамыры тереңде жатқан қазақ ұлттық мәдениетінің тарихынан сыр шертеді.