Халықаралық әйелдер күніне орай қалалық музейде "Қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімдері" көрмесі⠀ұйымдастырылды. Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғына қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан болу керек. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді.