Биыл 2022 жылы 85 жылдығын атап өтетін көлемі шағын болғанмен, түсті металлургияның республикада ғана емес әлемдік деңгейдегі ірі орталықтарының⠀бірі болып саналатын өндірісті қала – Балқаштың осы мерейтойына орай Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі көптеген шараларды жоспарлап отыр. Осындай мақсаттағы шаралардың бірі - «Қала көшелеріндегі есімдер» лекциялар циклінің⠀кезекті шығарылымында көрермендер қаланың қазақ опера өнерінің негізін қалаущылардың бірі К. Байсейітова, ұлы ағартушы ғалым Ш.Уәлиханов атындағы көшелерімен танысады.⠀