Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің «Қазақстан жеріндегі ежелгі және орта ғасырлардағы мемлекеттер» лекциясы Балқаш қалалық көпсалалы колледжінің аудиториясында ОП-19-21 тобы студенттерінің қатысуымен өткізілді. Лекцияда Солтүстік Балқаш өңірінде орналасқан қазақ халқының мемлекеттілігінің шығу тегіне⠀қатысты тірек ескерткіштері⠀- Бегазы мавзолейі мен Қаражартас пирамидасының, Бектауата «мұртты қорғандарының», музей қорындағы ортағасырлық балбал тастардың⠀негізінде⠀қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу процессі ашып көрсетілді.