1936 жылдың 12 қаңтарында Балқаштың «А» орамындағы №19 алғашқы көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. (Қазіргі Томпиев көшесіндегі №3 үй). Ғимаратта⠀зауыттың техникалық кітапханасы орналасқан. Ол нысан кезінде толығымен ауылдардан келген қарапайым жұмысшылардың қолымен салынды. Құрылысты инженер Майоров басқарып, нұсқау берген қазақ Мусин, ал ең үздік кірпіш қалаушылар Нәзір Аюповтың бригадасы болды.