Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі, 2021 жылғы жұмыс кестесінде орын алған жобалардың бірі Солтүстік Балқаш өңірінің туристік әлеуетін қалыптастыруға негіз болатын - Балқаш көлі мен оның жағалаулық ендігінде орналасқан Ұзынарал түбегі, Тасарал аралы, бүгінде туризмнің орталығына айналып үлгерген⠀ Тораңғылық, Шұбартүбек жағалаулық демалыс орындары және Бектауата тауы, Тораңғы тоғайы сияқты табиғат таңғажайыптары мен Бегазы некрополі, Ағыбай батыр мазары сияқты тарихи ескерткіштер жайлы⠀мәліметтерді әлеуметтік желілердегі музейдің ресурстары арқылы республика халқының назарына ұсынған еді. Осы жобаның желтоқсан айындағы қорытынды шығарылымында алдыңғы айлардағы сандарының жиынтық топтамасы беріліп, сол кездерде алған ақапараттарыңыз саналарыңызда тағы да бір жаңғырып, Балқаш көлі мен оның⠀ терістік өлкесін демалыс күндерін⠀өткізетін орын ретінде таңдауларыңызға⠀ықпал етеді деп сенеміз.⠀
⠀