Балқаш музейінің зергерлік әшекейлері бұйымдар топтамасының арасында қыз баланы бас киімнің бауына немесе самай шашқа бекітілетін «шекелік» деген әшекей бұйым бар. Күмістен жасалған зергерлік бұйым ХХ ғасырдың басында жасалалып, 2004 жылдың басында музей қорына түскен. Шекелік бірнеше бөліктерден тұрып, оған тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Салмағы мен ұзындығы әртүрлі. Өз кезегінде осы салпыншақтар қыз-келіншектердің өңіне көрік қосқандай, ажар бергендей әсер тудырады. Аталмыш бұйым бір-бірімен әдеттегіше шашақтала дәнекерленген сымдар арқылы сыңғырлаған қоңырау үнін әкелетін салпыншақтарды жалғаған. Бұл әшекейдің қорғаушылық қасиетіне сенген заманнан бері келе жатса керек. Шығыс пен Орта Азияның басқа да халықтары секілді қазақтар да үзбелі салпыншақтар сылдырымен жын-шайтанды үркітіп отырады деп түсінген.⠀