Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап жыл бойына⠀жоспарлаған «Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған» бейнежобасының соңғы қорытынды шығарылымын ұсынады. Естеріңізге сала кетейік: жобаның мақсаты Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қаламызда болып өткен оң өзгерістермен көпшілікті таныстыру болатын. Жоба барысында оның әр айдағы шығарылымдарының бас кейіпкерлері болып тәуелсіздік жылдарында пайда болып, бүгінгі күндері қаламыздың экономикалық-әлеуметтік әрі білімдік-интеллектуалдық қуатын еселеуге өзіндік үлестерін қосып отырған Балқаш көпсалалы колледжі, «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі, «Ақтеңіз» спорт кешені, «Джем» мейрамханасы, қаламыз тұрғындарын⠀ минералды сулар мен алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір шағын кәсіпорны «Абдыкаримова З.М.» жеке кәсіпкерлігі және басқа да ұжымдардың табысты еңбектері көпшілікке таныстырылды.⁣⁣⠀