Музейдің кезекті «Қала тарихындағы белгілі есімдер» бейнекөрмесінде қазақтың тұңғыш инженері Камал Қадыржановтың еңбек жолымен таныстырамыз.⠀Камал Қадыржанов -⠀қазақтан шыққан алғашқы⠀инженер – металлургтердың бірі, Мәскеудегі М. Калинин атындағы түсті металлдар және алтын институтының түлегі,⠀Қазақстанның түсті металлургиясының дамуына зор үлес қосқан ҚазКСР еңбек сіңірген металлургі, КСРО түсті металлургиясының ғылыми – техникалық қоғамының құрметті мүшесі, Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерінің және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» медальінің иегері.⠀Көрмеге К. Қадыржановтың 1933 – 1941 жылдар аралығындағы Балқаш кен – байыту комбинатынның байыту фабрикасында еңбек еткен⠀кезеңдерінен ақпарат беретін фотосуреттер, кітаптар,⠀газет мақалалары көрсетіледі. ⁣⁣⠀