Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай фотоматериалдар негізінде Балқаш қаласының әлеуметтік, т.б. салаларының жетістіктерін көрсететін «Тәуелсіздіктің жасампаз жылдары»⠀бейнекөрмесі ұйымдастырылды. Бейнекөрмеде «100 мектеп, 100 аурухана», «Моноқалалардың дамуы», «Қазақстанның үдемелі индустриалды - инновациялық дамуы», «Бизнестың жол картасы», т.б. - Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары аясында Балқаш қаласының тұрақты дамуы жылнама ретінде көрсетілді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың біздің қаламызда болған іс сапарлары туралы мәлімет беретін⠀фотоматериалдар ұсынылды.