Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР Тәуелсіздігіне⠀арналып, қалалық ардагерлер ұйымының қатысуымен⠀ «Алаш туы астында» қызықты кездесулер клубының⠀отырысы болып өтті. Шараның мақсаты -⠀мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың қаламыздағы рухани-әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру бағытындағы⠀жұмыстарын көпшілікке таныту. Отырысқа қатысқан білім беру саласының ардагерлері⠀қалалық аналар Кеңесінің төрайымы,⠀«Балқаш сазы» ардагерлер хорының негізін қалап, жетекшілік етіп келе жатқан⠀Шайзада Рысқұловна Сыздықова мен Шолпан Нұрмұханқызы⠀Әлімбетова,Қарлығаш⠀Молдабекқызы Түсіпбек, Жолдыбай Жақыпжанұлы Босшеғұл және⠀ауыл шаруашылығы саласының ардагері Өмірбек Әмірқашұлы Ерменбет ардагерлер ұймының жастармен тәлімдік-тәрбиелік мәндегі жұмыстары⠀мен тәуелсіздік жылдарында еліміз⠀мен өз⠀өмірілерінде болып өткен⠀⠀айтулы оқиғаларымен бөлісті.⠀⠀⁣⁣⠀