«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Балқаш жерінде» бейнекөрмесінде Н.Ә.Назарбаевтң тұлға ретіндегі маңыздылығын, еліміздің және тікелей қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси дамуындағы рөлін айғақтайтын түрлі фотосуреттермен, кітаптармен және газет мақалаларымен таныстырады. Сонымен қатар, көрме материалдары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ата-бабаларының жері – Үшқоңыр, оның отбасы, мектеп және студенттік жылдарына шолу жасайды. Көрме беттерінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 1992-2007 жылдардағы Балқаш қаласына сапарының фотосуреттері ұсынылған. Музей қорында Н.Назарбаевтың БГМК-ға сапары, комбинат цехтарының ашылуы мен іске қосылуы сәттерінен фотосуреттер сақталған. ⁣⁣⠀