Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің «Өлкетану жаршысы» шағын ақпараттық парағының кезекті⠀«Тәуелсіздік алаңы» шығарылымында Балқаш қаласында егемендік жылдарында пайда болып, қалалықтар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына⠀айналған Тәуелсіз алаңы жайлы шағын мәліметтер беріледі. Есімі қазақ халқының бостандық үшін күресімен тығыз байланысты Қараменде би бабамыздың атындағы көшенің бойына орналасқан⠀алаңда⠀тәуелсіздік ұғымымен символдық бірлікті құрайтын – Ағыбай батыр, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» ескерткіштері орналасқан