Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі, алғыс айту күніне және сүйікті қаламыздың 85 жылдығына орай «Жақсылыққа тағзым» акциясын жариялады. Бұл акцияның мақсаты - қаланың гүлденіп, дамуына елеулі үлес қосқан қала құрдастарын танымал ету.⠀Бұл адамдардың барлығы 1937 жылы дүниеге келген, олардың балалық шағы аштық пен соғыстың қиын жылдарына түсті. Қариялардың көпшілігі бүкіл ел үшін қиын уақыт туралы естеліктерімен бөлісті. Айтулы іс-шара аға буыннан эстафетаны қабылдап, күнделікті еңбегімен жаңа мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылған жастардың туған қаласына⠀деген сүйіспеншіліктерін жеткізудің тағы бір тамаша мүмкіндігі болды. Марафонға Балқаш қаласының мәдениет ұйымдары қатысып, қалалық музей эстафетаны Балқаш саңыраулар клубына жолдайды @bkgbalkhash