Табиғат игілігін күнделікті тұрмыстық заттарға шикізат ретінде пайдалануда ерекше жетістікке жеткен дәстүрлі қазақ қоғамы отбасының⠀тұрмыстық заттарының ішінде шиден жасалған бұйымдар ерекше⠀практикалық мәнге ие. Және олар әртүрлі оюлармен көркем безендіріле⠀тоқылып, оның иесінің жалпы қазақ халқының⠀эстетикалық талғамының аса жоғары⠀деңгейін де дәйектейтін материалдық мәдениет үлгісі болып табылатыны белгілі. Көрмені музей қызметкерлері қордағы материалдарды пайдалана арқылы дәстүрлі заманның этнографиялық келбетін⠀қалпына келтіре отырып ұсынады. ⠀