Балқаш қалалық тарихи – өлкетану музейі «Еңбек адамдарын жырлаймыз» циклы бойынша түсті металдар өңдеу зауытының Қазақстанға көшірілгеніне 80 жыл толуына арналған⠀жоба ұсынады. Аталған жоба Ұлы Отан соғысында майданға қару-жарақ шығаруға қажетті стратегиялық маңызы бар түсті металл түрлері – мыс пен молибденнің көп бөлігін өндірген Балқаштық металлургтердің ерен еңбегі,⠀оның ішінде⠀1941 жылы Москва түбінен Балқашқа қоныс⠀аударған – Кольчугино түсті металлдар өңдеу зауытының Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында баяндалатын болады. ⁣⁣⠀⁣⁣⠀