4 қарашадан бастап Балқаш тарихи-өлкетану музейінде " Радио тарихы" атты көрме ашылды. Биылғы жылы Қазақстанда алғаш рет Радио күні атап өтіледі. Осыдан тура жүз жыл бұрын, 1921 жылы Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен Орынборда радиоақпараттық хабар тарату басталды. Көрме радионы жасаушылар туралы, сондай-ақ көптеген ашылулар жайлы баяндайды. Экспозицияда радио тарихымен тығыз байланысты және кез-келген келушінің үлкен қызығушылығын тудыратын көптеген аппараттар мен құрылғылар ұсынылған