Музей қорында өлкеміздің ежелгі дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін сан ғасырлық тарихынан терең сыр шертетін көптеген экспонаттар сақталуда. Солтүстік Балқаш өңірінің ертедегі тарихында болып өткен мәліметтерді бүгінгі ұрпаққа жеткізіп отырған,⠀ұлтымыздың мәдени мұрасының баға жетпес құндылықтары болып саналатын археологиялық деректердің⠀ үлкен бөлігі⠀"Археология" залының экспозициялық кешендерінен орын алған.