Ат әбзелдері қазақтың халық шығармашылығының көне түрлеріне жатады. Көрмеде Еуразияның кеңістігін мәдени-әлеуметтік игерудегі және ерте замандағы әрқилы мәдениеттердің қақтығысында қамтамасыз етуге негіз болған – атқа міну мәдениетіндегі ат әбзелдерінің әсіресе ертоқымның ролі жайлы мәліметтер беріледі. Ат әбзелдері өткен ғасырлар бойы дамыған ең жақсы жетістіктер мен дәстүрлерді біріктіріп,⠀орындаушылардың шеберлігі, халықтың эстетикалық талғамы және ғасырлар бойы атқа қамқор және сүйіспеншілікпен қарау дәстүрлері туралы дәйектейді.