Балқаш⠀қалалық тарихи-өлкетану музейі Балқаш қаласының ірі өндіріс ошақтарының бірі – Балқаш түсті металдар өңдеу заводының 80 жылдығына арналған⠀«Еңбек адамдарын жырлаймыз» жылдық жобасының кезекті⠀- қазан айындағы шығарылымын⠀ұсынады. Жобаның қазан айындағы шығарылымында⠀ Ұлы Отан соғысының ардагері, Түсті металлдар өңдеу⠀заводына соғыстан жаралануына байланысты оралған 1945 жылы жұмысқа тұрып, онда еңбек демалысына шыққанша 27 жыл үзбей жұмыс істеген еңбек ардагері, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері, «ҚазКСР-нің еңбегі сіңірген металлургі» Ниқан Битүсіповтың⠀еңбектегі жолы жайлы мәліметтерді ұсынамыз.