Бүгінгі музейдің «Қала тарихындағы белгілі есімдер» рубрикасы ҚазКСР-ның Еңбек сіңірген ұстазы Васима Шакировна Мажитовағаның еңбек жолына арналған кезекті көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. Мажитова Васима Шакировна –⠀№ 2 орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы, Балқаш қаласының халық ағарту ісінің ардагері, Қазақ КСР еңбек сіңірген оқытушы (1966 ж.), Балқаш қаласының құрметті азаматы (1977 ж.). В.Ш. Мажитова 1916 жылы Куйбышев облысы, Абулаев ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1934 жылы Жамбыл педагогикалық техникумын тәмамдағаннан кейін,⠀ комсомолдық жолдама бойынша Балқаш құрылысына келіп,⠀1950 жылға дейін №2 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып оқытушысы болып қызмет атқарады. Ал 1950 жылы қалалық білім бөлімінің меңгерушісі, 1952 -1955 жылдар аралығында қалалық партия комитетінің әйелдер арасында жұмыс істеу бөлімін басқарады.⠀1966 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Предидумының Жарлығымен⠀Васима Шакировна Мажитоваға «Қазақ КСР еңбек сіңірген оқытушысы» атағы берілді.