Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі  сіздерге  Балқаш қаласының ресми түрде еліміздің картасында пайда болғанына 84 жыл толуына арналған  «Қала оқиғалары обьективте» көрмесін ұсынады. Келушілер музей қорында сақталған  ескі  фотосуреттерден  қаланың қалыптасуының әр кезеңіндері жайлы фото сюжеттерді көре алады. Сонымен қатар тұтас бір тарихи кезеңнің келбетін бере алатын жекелеген фотосуреттер де көрмеден орын алған.  Фотосуреттерден   қала тарихындағы айтулы, маңызды және тағдырлы оқиғаларды көре аласыздар.