«Қазақ жазуының тарихы» бейнекөрмесінде қазақ жазуының ең көне ескерткіштері - күміс тостаған, Қарамола қорымынан табылған тас тостағандағы жазу,б.з.б. ІX – б.з. XІ ғғ. жататын Ақтасты-1 қорымынан табылған тастағы жазу жайлы деректер бар «Курган Иссык» (К.А. Акишев) кітабы, А. Байтұрсынов жасаған араб әліппесі, А. Құнанбаевтың кітабы, 192-1930 жж. Балқашта қызмет еткен ұстаздар Г. Тілеулиннің, В. Сейпульниктің, А. Шаншарбаевтың араб және латын әріптерімен жазған жұмыс дәптерлері, «Балқаш жұмысшысы» газетінің 1933 жылы латын әрпімен терілген кезекті саны қойылған. Бейнесюжеттің негізгі мақсаты – сонау V-VIII ғғ. қолданыған Орхон - Енисей әлiпбиiнен бастап, күнi бүгiнге дейiн қолданылып келе жатқан орыс графикасына негiзделген қазақ әлiпбиiнiң қалыптасу тарихын жете бiлдiру.