Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің⠀өлке тарихының айшықты сәттерін тереңірек таныстыруға арналған «Өлкетану оқуы» айдарымен берілетін шағын ақпараттық бейнесюжеттер циклының «Өнерге қанат қақтырған» тақырыбындағы кезекті шығарылымы қаламыздағы жас ұрпақтың бойында әдемілікті сүю қасиеті⠀мен эстетикалық талғамдылықты сан-салалы өнер түрлерін игеру жолымен сіңіру жолында еңбек етіп келе жатқан «Өнер» мектебінің 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.