31 мамырда - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Музейде өткен «Ащы уақыт шежіресі» бейнелекция барысында мектеп оқушыларына қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде саясаттың құрбаны болған қазақ зиялылары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, жалпы тарихи трагедияға қатысушылардың тағдырларынан музей қорынан алынған фото және деректі материалдар, депортацияға ұшыраған халықтардың тұрмыстық заттары қойылған «Балхашлагтың азалы тарихы» көрмесі ұйымдастырылды. Осы нәубет жылдар оқиғалар тарихын тереңдете зерделеп, Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері көрмені тамашалады.