Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына арналған «Ғұлама ғалым» лекциясына ҚР «Халық Қаһарманы» Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, әдебиеттанушы, өнертанушы Ә.Х. Марғұланның өмірбаяны мен өмір жолы, археологияның дамуына қосқан үлесі туралы мағлұматтар берілді. Зерттеулерінің маршрут картасы, қазба жұмыстарын жүргізген қорымдардың макеттері және замандастарымен түскен фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар, көрмеге ғалымның жеке заттары, құжаттар, ғылыми-зертеу қызметін айқындайтын кітаптар, әрі Қазақстан археологиясының дамуына қосқан үлесін айғақтайтын музей қорынан алынған материалдар ұсынылды. @btk_college.