Биылғы музей түні «Музей асыл мұралар мекені» тақырыбы аясында өтті. Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен жете танысуға шақырған салтанатты кешіміз ән-бимен басталып әр залға арнайы қойылған көрмелер, мен фотозоналарға экскурсиясымен жалғасты. Мерекелік көңіл-күйге бөленген келушілер бағдарлама барысында шеберлік сағаттар мен танымдық викториналарда белсенділік танытып ерекше сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, келушілер өткен дәуірдің тұрмыстық техникалар жинағын және 80-жылдардағы дүкен көрмесін тамашалап, қызықты лайфхактармен бөлісті. Осылай келушілеріміз тарихқа үңіліп, таным көкжиегін кеңейтіп қайтты.