Отан қорғаушылар күнінің қарсаңында музейде «Күшті және батыл ұрпақ» тақырыбында сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері іс – шараға қатысқан мектеп оқушыларына халықтың төзімділігі мен батылдығын, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін білдіретін осы мерекенің ерекше маңыздылығы туралы түсінік беріп, қаһарман бабаларымыздың арқасында қазырғы ұрпақ әулетті мемлекетте өмір сүріп жатқаны туралы сөз қозғады. Және де қатысушылар сұхбат барысында ар-намыс, азаматтық борыш, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты маңызды тақырыптар бойынша әңгімелесті.