Бүгін музейде өткізілген «Жас шежіреші» байқауына 7 мектептің ізденіс топтары қатысты. Байқау «Менің қаламның бренді», «Капитандар сайысы», «Музейге сый тарту» кезеңдерден тұрды. Нәтижесінде, қазақ лигасынан І орынға әл-Фараби атындағы ЖББ мектебі және М. Русаков атындағы мектеп-интернаты, ІІ орынға Ә. Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейі, ІІІ орынға Б. Момышұлы атындағы ЖББ мектебі, ал орыс лигасынан І орынға №3 ЖББ мектебі, ІІ – Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицей, ІІІ орынға 24 мектеп-интернаты ие болды. Барлық қатысушылар дипломдармен және арнайы сертификаттармен марапатталды.