Музейде 9-16 сәуір аралығында Космонавтика және авиация күніне арналған «Байқоңырдың жұлдызды старттары» көрме-экскурсия өткізілді. Шараға Абай атындағы №2 лицей, Әлихан Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейі, «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» және Балқаш техникалық- гумантитарлық колледж студенттері келді. Қатысушыларға арнайы «Ғарыш айлағы» викторинасы өткізілді. Байқоңыр – ғарыш алаңы туралы, оның Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқаны айтылды. Көрмеге космос әлеміне алғаш рет жол салған космонавт Юрий Гагарин және біздің еліміздің ғарышкер ұшқыштары халық батырлары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабеков, Айдын Айымбетовтың өмірі, қызметі және ғарышты бағындырудағы жасаған ерліктері туралы мәліметтер берілді.