Халықаралық құстар күніне орай музейде «Құстар - көктем жаршысы» тақырыбымен экскурсия өткізілді. Іс-шарамызға қатысқан Абай атындағы №2 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптары мен «Бөбек» балабақшасының бүлдіршіндері өлкемізді мекендейтін құстар туралы қызықты мәліметтермен танысып, құстарды қамқорлыққа алу, жоғалып кету қаупі бар түрлерін қорғау жөнінде ақпарат алды.