1978 жылы 5 желтоқсанда «Балқаш осы жерден басталды» монументінің ашылуы болды. Жобаның авторы суретші В.К.Кузьмин. Ескерткіштің ашылуының символдық мәні бар, себебі ол біздің тау-кен металлургия комбинатының 40 жылдығы аясында өтті. Ескерткіш – жүрек үнімен шөл далаға келіп, қиындықтарды жеңіп, халық шаруашылығына қажетті өнім шығарған ізашарларымызға қойылған ескерткіш. Ескерткіштің ашылуы – отызыншы жылдардағы еңбек ерлеріне деген құрмет.