Бүгін Балқаш музейі 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Музейлер – бүгінгі ұрпақты қалыптастырған бай дәстүрлер мен жетістіктерді көрсететін тарихтың ажырамас бөлігі. Музейлер жәдігерлердің жәй ғана қоймасы емес, біздің өткен даңқымыздың тірі куәлері. Өлкетану музейлері келушілер, жастар мен ересектер өз өлкесінің тарихы, мәдениеті мен дәстүрі туралы білімдерін тереңдете алатын бірегей білім беру орталықтарына айналады.