Қалалық музейде 14 қарашадан бастап Ұлттық валютаның айналымға енгізілгенге 30 жыл толуына орай «Ұлттық тенге – Қазақстанның нышаны» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 1993 жылы алғаш шыққан біртуар ұлдары мен ұлылары бейнеленген банкнот және монеталарының үлгілері, еліміздегі атаулы уақиғалар мен мерейтойларға орай шығарылған, мерейтойлық монеталар және ұлттық валюта тарихында болған өзгерістер жайлы ақпараттарға толы деректік материалдар қойылды. Естелік бірегей монеталар көрме қатысушыларына қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы түрлі мәліметтерді көрсетті. Көрме материалдары бойынша экскурсия аяғында викторина ұсынылып, оқушыларға ұлттық валюта туралы білімдерін көрсетуге мүмкіндік берілді.