10 қарашадан бастап қалалық музейде ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері Валентина Михайловна Александрованың туғанына 90 жыл толуына орай «Любимый доктор» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме материалдары келушілерге жоғарғы санатты дәрігер В.М. Александрованың еңбек жолын көрсетеді, ол 1957 ж. бастап Балқаш перзентханасында еңбек етіп көптеген дәрігерлерге тәжірибе берді. Валентина Михайловна Мәскеудегі ІХ Бүкілодақтық акушер – гинекологтардың съезіне қатысты, 1980 ж. облыстық компартиясының мүшесі болып тағайындалды, Қазақстан Компартиясының ХҮ съез делегаты болды. В.М. Александрованың еңбегі үкіметтік марапаттармен бағаланды.