Кеңестік жалынды балқаштық жастардың қолымен жасалған «Комсомолдың 30-жылдығы» атындағы паркі қазіргі күндері де балқаштықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Парктің негізі 1939 жылы балқаштық жас алғашқы құрылысшылардың күшімен жасалған еді. Ең атап өтерлігі парктің құрылысымен комбинаттың көбінесе жас жұмысшылары өздерінің негізгі жұмыстарынан тыс уақытта ерікті түрде атқарған еді. Сол себепті де 1948 жылы БЛКЖО-ның 30-жылдық мерейтойына орай паркке «БЛКЖО-ның 30 жылдығы» атауы берілді.