Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейдің оқушыларының қатысуымен өткен музейдің жоспарлы «Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері» лекциясында Солтүстік Балқаш өңірінің осы замандағы ескерткіштері жайлы мәліметтер берілді. Солтүстік Балқаш өңірініңм тас дәуірінің әртүрлі кезеңдеріне жататын ескерткіштері көптеген ашық типті у аллювиальды шлейфтерінің беттерінде, өзен және көл террассаларында, төбелердің шыңдары мен беткейлеріндегі тас қаруын өндіруге қажетті шикізаттың шығатын жерінде орналасқан. Бұл аймақта тас ғасыры ескерткіштері - тұрақ-шеберханалардың шоғырланған негізгі аймақтары болып Семізбұғы тауларының етегі, Қызыл-Қайнар және Торанғы өзендерінің аңғарлары мен Саяқ кентінің айналасы саналады. Аймақтың ескерткіштерін зерттеу барысында жинақталған материалдар Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орталық және Солтүстік Азияның тас өңдеу индустриясының пайда болуы мен даму деңгейін бағамдау арқылы тас дәуірі мәдениеттерінің эволюциялық өгерістерге ұшырау процессін көрсетуге қажетті ғылыми кестені жасауға негіз болып отыр.