1938 жылғы 24 қараша - Қазақстан түсті металлургия саласы тарихында алтын әріппен жазылған күн. Бұл күні құрылысы жаңа аяқталған Балқаш мыс балқыту зауытында Қоңырат кенінен тазартылмаған мыстың алғашқы тонналары алынды. Бүгін музейде осы тарихи оқиғаға арналған «Алғашқы мыс балқымасының тарихы» фотокөрмесі ұйымдастырылып, оның ашылуына №1 орта мектебінің оқушылары қатысты. Музей қонақтары көрме витриналарына қойылған фотосуреттер арқылы осы айтулы күнді жақындату жолындағы Балқаштық алғашқы құрылысшылардың қажырлы еңбегі жайлы қызықты мәліметтермен таныса алады.