Музейдің этнография залында «Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы» жоспарлы лекция болып өтті. Лекцияға қатысқан Балқаш Сервис колледжінің студенттері лектордың көмегімен тарихы терең «Ұлы Жібек жолының» Алдыңғы және Орталық Азия, Европа, Кавказ бен Қытай елдері арасындағы экономикалық-мәдени қатынастардағы ролі жайлы тереңірек білуге мүмкіндік алды. Ұлы Жібек жолының бойымен заттай тауарлардың айналымға түсуінен басқа халықтардың мәдени жетістіктерінің өзара байланысқа түсу жолдары мен деңгейлері жайлы, оның ішінде нақ осы Жібек жолы арқылы Қазақ даласына христиан, будда, ислам, зороастризм, манихейлік діндердің енуі бойынша қызықты мәліметтер де студенттердің білім қорын толықтырды.